ҚР Бас прокуратурасының кезекті алқа мәжілісі өтті

СТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуратурасының кезекті алқа мәжілісі өтіп, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардағы әкімшілік заңдарды қолданудағы заңдылықтың жәй-күйі қарастырылды.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Алқалы жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Жоғарғы соттың өкілдері, Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктердің лауазымды қызметкерлері қатысқан.

«Құзыретті органдардың қолданып отырған шараларына қарамастан, автомобиль қозғалысы саласында апатты жағдайлар мен адам шығындары түбегейлі жойылмай отыр. Осыған орай, жиынға қатысушылар қаралып отырған мәселенің және оған қатысты заңдарды одан әрі жетілдірудің, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігін көтерудің өзектілігін атап көрсетті. Жол полициясы органдарының апаттылықтың жалпы көрінісін беретін есепке алу, тіркеу жұмысындағы елеулі кемшіліктері де қадап айтылды», делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ, алқаға қатысушылар жол полициясы, кеден және Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің өрт қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының әкімшілік заңдарын қолдану кезіндегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін де талқылаған.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Бас прокурор Қ.Мәми уәкілетті органдардан жол қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, ведомстволық актілерде орын алып отырған олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жоюды, сондай-ақ әкімшілік материалдарды қарау барысында заңдылықтың бұзылу фактілерін болдырмауды талап етен.

«Алқадағы талқылаудың нәтижесінде жол қозғалысы саласындағы есепке алу, тіркеу тәртібін жетілдіруге, осы бағыт бойынша ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалауды күшейтуге, сондай-ақ әкімшілік өндіріске тартылған азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған шешім қабылдады», деп нақтылай түскен баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар