ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі ауысты
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков осы қызметке тағайындалған жаңа адамды таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыдан бастап ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі қызметін Жандос Імралиев атқаратын болады. Осы уақытқа дейін бұл қызметте болған Нұрдәулет Сүйіндіков Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болып тағайындалды.