ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобы «Валют-Транзит" Қаржы-өнеркәсіптік қауымдастығының» бұрынғы президентіне қатысты жаңа қылмыстық істі тергеуде

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобы «Валют-Транзит" Қаржы-өнеркәсіптік қауымдастығының» бұрынғы президенті Айтбақы Беляловқа (Андрей Беляевқа) қатысты жаңа қылмыстық істі тергеуде.
None
None

ұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеуші топты Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі Мұхамедкәрім Бектұрсынов басқарады.

«Ағымдағы жылдың сәуір айында Қарағанды облысының прокуроры ҚР ҚК 235 бабы 4 тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қоғамдастықты құру және басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу) бойынша А.Беляевқа қатысты қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сондай-ақ аталмыш қылмысқа мүлкін тәркілеумен немесе тәркілемей 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза берілетіндігі атап өтілген.

Істің құпия түрде өтіп жатқандығына сілтеме жасай отырып, прокуратураның баспасөз қызметі қылмыстық істі нақты жария етпеді.

Соңғы жаңалықтар