ҚР Бас прокурор Мақсат Үсенов пен Василий Ни үкімдеріне пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов адам өліміне алып келген ЖКО жасаған Мақсат Үсенов пен «Қорғас» ШЫХО-ның экс-президенті Василий Ниға қатысты үкімдер бойынша пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ешқашан да бірде-бір елде мінсіз заң болмайды, өмір заңдарға қарағанда парасатты, себебі заңдар үнемі компромисстер өнімі болып табылады. Естеріңізде болса, екі-үш жыл бұрын біреудің еркесі (Мақсат Үсенов) бір адамның өліміне алып келген сұмдық жол-көлік оқиғасына себеп болды. Зардап шегуші тарап кешірім жасап, қылмыстық іс тоқтатылды, ал оның неге тоқтағанын білесіздер ме? Себебі Қылмыстық кодекстің 68 бабы істі тоқтатуды міндеттейтін (тараптардың біьімге келуі). Алайда қоғам мұнымен келіспеді, наразылығын білдірді. Нәтижесінде, Парламент 68 бапты өзгертті. Егер де бұл жігіт осыны бүгінде істесе, ол міндетті түрде абақтыға тоғытылар еді», - деді Асанов Мәжілістегі жалпы отырыс барасында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бас прокурор бұл жағдайдағы мәселелер 68 бап пен 65 бапты қолдануға қатысты болғанын атап өтті.

«Бұл тұрғыда 65 бапқа да тиісті сұрақ туындайды. Бұл бап мән-жайды ескере отырып, сотқа тиісті шешім шығаруға құқық береді. Иә, сот оны кінәлі деп таныды. Бірақ сот заңмен қатар, ішкі сеніміне сүйенеді, яғни заң мен ар-ожданды қамтиды. Бұл өз кезегінде соттың құқығы. Ешкім де сот заңды бұзды деп айта алмайды. Судья істі қарап, барлығын тыңдағаннан кейін осындай шешім шығарды және 65 бапты қолданды. Олар кінәлі деп танылды, бір жылдан аз уақыт тергеу изоляторында қамауда (Ни) отырды. Айыптау үкімі бар, алайда олар жазадан босатылды. Менің жеке пікіріме тоқталсам, оны мен шешпеймін, Парламент шешеді. 65 бапты да өзгертуіміз қажет. Бұл бап осы тектес қылмыстарға қолданылмауы тиіс деп санаймын», - деп атап өтті Бас прокурор.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 65 бабы шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды ескереді.

Соңғы жаңалықтар