ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Джон Ордвеймен кездесті

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті.

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Джон Ордвеймен кездесті

«Қонақты қарсы ала отырып, А.Дауылбаев Д.Ордвейді қайта тағайындалуымен құттықтады және дипломатиялық салада жаңа қызметіне сәттілік тіледі, сондай-ақ дипломаттың Қазақстанда және ТМД-ның өзге де елдеріндегі жұмысы барысында жинаған тәжірибесі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі жандануына қосымша игі ықпал ететіндігін атап өтті», - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінде.

Кездесу барысында өзара мүдделі мәселелер бойынша келелі әңгіме мен өзара пікір алмасу болды. Тараптар өзара қол жеткізілген іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдіріп, бұрын қол қойылған келісімдер аясында ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Сонымен қатар трансұлттық қылмысқа, лаңкестікке және экстремизмге қарсы күрес саласын қоса алғандағы кең ауқымды мәселелер қозғалды.