ҚР Бас прокуроры азаматтарды өтініштері бойынша қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми азаматтарды қабылдады,
None
None

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қабылдауда болғандардың мәселелері негізінен туыстарының заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуы, тұрғын үй және еңбек даулары, жекеменшік құқықтарының шектелуі және басқа жайттарға қатысты болған.

«Бас прокурор оларды мұқият тыңдап, прокуратураның жауапты қызметкерлеріне арызданушылардың айғақтарын зерттеп, заң бұзушылық орын алған жағдайда азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және айыпты тұлғаларды заңмен белгіленген жауапқа тартуға бағытталған түбегейлі шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар