ҚР Бас прокуроры Грузия Жоғарғы сотының төрағасымен кездесті

Тараптар Қазақстан мен Грузиядағы сот реформаcы және қылмыстық сот төрелігі жүйесін талқылады.
Грузия тәжірибесінің ерекшелігі, мемлекет еуропалық қылмыстық сот өндірісі моделіне қысқа мерзімде көше алды және қазіргі уақытта оны тиімді қолдануда.
Ж.Асанов «Прокуратура туралы» жаңа Заң аясындағы прокуратура органдарының міндеттері туралы, сонымен қатар қылмыстық процесте адам құқықтарын қорғауда қабылданып жатқан шаралармен бөлісті.
Шетелдік әріптестерге Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығы таныстырылды. Оның міндеттері жедел түрде арыз шағымдарды шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Сонымен бірге, Елбасының елімізде цифрлық технологияны дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру шеңберіңде «Электрондық қылмыстық іс», «Әкімшілік өндірістің біртұтас тізілімі» және «Сараптау орталығы» туралы жобалары көрсетілді.
Қылмыстық және әкімшілік істердің сатыларын цифрландыру істерді жоғалту фактілерін жоятындығы, қағазбастылықты, тергеу мерзімдері (қарау), сараптауды және тікелей онлайн түрде тергеуді барлық сатысына бақылау күшейтілетіндігі атап өтілді.
Өз кезегінде процестерді алгоритмдеу, сараптаманы автоматтандыру, ішкі және сыртқы мәліметтерді байланыстыру Сараптама орталығына кримоногендік болжамдар, халықтың хабардар болуы үшін Data driven decisions қолдану арқылы (мәліметтерге негізделген шешімдер) сараптамалық материалдар жасауға және құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында Бас прокурор грузин тарапына елімізге жасаған сапарына алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара әрекеттестіктің одан әрі кеңейетіндігіне тілек білдірді.