ҚР Бас прокуроры Индонезия сот жүйесінің өкілдерімен кездесті

ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстанда іссапармен жүрген Индонезия сот жүйесінің өкілдері - Конституциялық сот Төрағасы Мохаммад Махфудты, Конституциялық сот судьясы Мария Индратиді және ресми делегацияның өзге де мүшелерін қабылдады,

ҚР Бас прокуроры Индонезия сот жүйесінің өкілдерімен кездесті

деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

А.Дауылбаев қонақтарды прокуратура органдарының қызметімен таныстырып, халықаралық - құқықтық саладағы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Ол индонезиялық тарапқа терроризммен, ақшаны жылыстатумен және өзе де қазіргі заманның қауіп-қатерлерімен күрес салаларында ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды.

М.Махфуд өз тарапынан жылы қабылдау үшін алғысын айтып, өзара іс-қимыл салаларын одан әрі дамыту және кеңейтуге дайындығын білдірді.