ҚР Бас прокуроры Қ.Мәми құқық қорғау жүйесін реформалау туралы Елбасы Жарлығына орай жиын өткізді

СТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалығымен Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының ережелерін жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Алқалы жиын барысында Бас прокурор алдағы жаңартудың қазіргі уақыт талабына сай екенін атап көрсетіп, қабылданған Жарлықтың мазмұны уәкілетті органдардың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруге, оларға тән емес функцияларды алып тастауға және олардың құзіретін неғұрлым нақты бөлуге, қызметкерлердің штат санын оңтайландыруға, қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға бағытталғанына басты назар аударды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілерін болдырмау және бақылау-қадағалау функциялары бар мемлекеттік органдарды одан әрі қысқарту түрінде бизнеске қысым жасауды азайту шаралары қарастырылғандығын атап өтті.

Реформаға сәйкес құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйіне, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарды сауықтыру және оңалту бойынша атқарушы билік органдарының жауапкершілігі едәуір арттырылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және соттардың жауапкершілігі айтарлықтай қатайтылады. Олардың қызметтік жағдайын пайдалана отырып қылмыс жасауы жаза тағайындауда жазалауды ауырлататын жағдай ретінде қабылданатын болады.

«Басталған реформаның басым бағыты қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мақсатында кейбір қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту болып табылады. Қазіргі уақытта ондаған қылмыс құрамының әкімшілік өндіріс саласына ауыстырылатын заң жобасын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Тұтастай алғанда реформада жоспарланған іс-шаралар құқық қорғау органдарының неғұрлым тиімді ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымын жасап, құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қорғауға септігін тигізетін болады», делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, жиналыс барысында Алматы қаласы және Алматы облысындағы заңдылықтың және құқық тәртібінің жай-күйі қарастырылып, қатысушылар құқық қорғау органдарының қызметіндегі жекелеген кемшіліктерді атап көрсеткен. Атап айтқанда, қоғамдық орындардағы ауыр қылмыстардың жасалу деректерінің жиі орын алуы, ұйымдасқан қылмыспен күрестегі шаралардың жеткіліксіздігі, алдын алу шараларының тиімділігінің аздығы, тергеу және жедел-іздестіру қызметі сапасының төмендеуі, қоғаммен тығыз байланыстың болмауына назар аударылды.

Бас прокурор құқық қорғау органдарының басшыларынан атқарушы органдармен бірге Жарлықтың тиісінше жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, профилактикалық жұмыстың деңгейін және ұйымдасқан қылмыспен күрестің нәтижелілігін көтеруді, азаматтардың, әсіресе, бас бостандығынан айыру мекемелерінде ұсталып отырған адамдардың конституциялық құқықтарының бұзылуының әрбір дерегі бойынша жедел ықпал ету шараларын қабылдауды, қоғамдық институттармен іс-қимыл жасасуға және азаматтармен кездесуге ерекше назар аударуды талап етті.

«Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар қарастырылған мәселелердің өзектілігін және құқық қорғау органдарының қызметіндегі орын алған кемшіліктерді дереу жою қажеттілігін атап көрсетті», делінген баспасөз ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар