ҚР Бас прокуроры: Жер мәселесі жөнінде жалған ақпарат таратушылар жазаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер мәселесі жөнінде жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

ҚР Бас прокуроры: Жер мәселесі жөнінде жалған ақпарат таратушылар жазаланады

Еске салсақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге меншікке сату туралы халыққа жалған ақпарат таратылды.

Бас прокуратураның ескертуінше, бұл іс-әрекет қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу болып табылады және заңнамаға сәйкес әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік көзделеді.