ҚР Бас прокурорына жоғары сыныптық шен берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары сыныптық шен беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоғары сыныптық шен беру туралы» Жарлық
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Асанов Жақып Қажманұлына берілсін.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр
№ 247