ҚР бас раввині: 4 қазанға екі мереке - мұсылмандардың Құрбан айты мен еврейлердің Йом Кипуры тұспа-тұс келіп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Рсепубликасының бас раввині Ешая Коген мұсылмандар мен еврейлерді діни мерекелерімен құттықтады.

ҚР бас раввині: 4 қазанға екі мереке - мұсылмандардың Құрбан айты мен еврейлердің Йом Кипуры тұспа-тұс келіп тұр

"Биыл бір күнге, 4 қазанға екі мереке - Йом Кипур мен Құрбан айт тұспа-тұс келіп отыр. Еврей қауымдастығын жылдың ең қасиетті күні Йом Кипурмен, мұсылман қауымдастығын маңызды мейрамдардың бірі - Құрбан айтпен құттықтаймын! Барша қазақстандықтарды, Құдайдың көмегімен осындай діни және мемлекеттік мерекелерді атап өтетін күнге жеткенімен құттықтаймын. Қазақстанда әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сақтауға мүмкіндік бар. Мемлекет те осыған барлық жағдайларды жасап жатыр.

Бейбітшілік пен амандық тілеймін!", - делінген құттықтауда.