12:07, 03 Маусым 2009 | GMT +5
ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактісі бойынша бірқатар бұйрықтар шығарды
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі басқармасының 3-ші отырысының қорытындысы бойынша бірқатар компаниялар мен мемлекеттік органдардың монополияға қарсы заңнаманы бұзуын болдырмау бойынша оларға бұйрықтар шығарды, сондай-ақ экономикалық шоғырландыруға деген ұсынымдарды қарады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 25 қорытынды бекітілді.