20:10, 08 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР батысы мен шығысында жел күшейіп, жаңбыр жауады - 9 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 9 қазанда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Республиканың батысы мен шығысында кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жекелеген жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Республиканың оңтүстік, кей жерлерде оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде Батыс Алтайдың өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады. Сырдария өзенінде су деңгейінің төмендеуі жалғасады.