ҚР батысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады - 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аумағында антициклон ықпалы сақталады, сол арқылы 24 сәуір күні жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Республиканың тек батысында ғана атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен найзағай мен өткінші жаңбыр болатыны күтіліп отыр, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Алматы, Жамбыл, күндіз Павлодар облысында кейбір жерлерде 15-22 м/с дейін соғатын жел күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында - кейбір жерлерде шаңды дауылмен бірге 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтілуде.
Түнде Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде найзағай ойнап, Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман түседі.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында сулылықтың ауытқулары күтіледі. Жайықта тасқындардың бірте-бірте дамуы байқалады.