ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өңірлік электрондық БАҚ басшыларымен көшпелі мәжіліс өткізді

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Өзінің кіріспе сөзінде министр мәжілістің маңыздылығын атап өтті. «Мен әлденеше рет отандық медиакеңістік проблемалары мен перспективаларын талқылау үшін республикалық БАҚ басшыларымен кездестім. Бүгін біз өңірлік БАҚ-мен кездесуді шештік, себебі олардың маңыздылығын түсінеміз». Сонымен қатар, Байланыс министрлігінің басшысы осы кездесудің арқасында Министрлік өңірлік БАҚ дамытуға кедергі болатын проблемаларды анықтауға ниетті.
Кездесу барысында министр бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды. Бәрінен бұрын ол өңірлік хабар таратушыларға жалпы бағдарламалау және контент деңгейінің сапасына назар аудару қажет екенін аңғарды. Өңірлік телеарналардың хабар тарату торларында меншікті өндіріс бағдарламаларының қатысқанына оң баға берді, ол сонымен қатар, хабар таратушылар тіл теңгерімі туралы ұмытпауы тиіс екенін, себебі осы мәселе Министрлікте ерекше бақылауда тұрғанын атап өтті. Республикалық телеарналар ендігі жерде өзінің эфирінде тілдер туралы заңнаманы бұзу жөніндегі ахуалды түзетуге тиісті нұсқама алғанын еске салды.
Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов қатысушыларға «Телерадио таратылым туралы» заң жобасымен жұмыстардың нәтижелері туралы, сондай-ақ, оның осы сала үшін тікелей маңыздылығы туралы хабарлап, телерадио таратылымды дамыту тақырыбын жалғастырды. Вице-министр заң жобасында көптеген мәселелер, мысалға, сандық таратылымға көшуге қатысты, сонымен қатар саланы дамыту үшін аса маңызды басқа мәселелерді реттейтін болады. Нұрай Оразовтың пікірі бойынша, осы кездесулер өңірлік БАҚ дамыту үшін маңызды құжатқа толықтыру енгізуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында өңірлік хабар таратушылар министрге сауалдар қойды. Себебі, мұндай мәжіліс Қазақстан телевизиясының тарихында алғашқы рет өтті, онда көп нәрселер туралы айтуға мүмкіндік туды. Мысалы, өңірлік телеарналардың сандық хабар таратуына көшу үдерісі қатты алаңдататыны анықталды. Министр, СТВ-ге көшкен кезде бәскелестікке қабілеттіліктің негізгі факторы контенттің таратылатын телеарналардың сапасы мен маңыздылығы болатынын түсіндірді.
«Қазақстан-Карағанды» РТРК АҚ» филиалының директоры Берік Дүйсетаев меншікті контенті мен филиал қызметінің дамуы туралы айтып, кездесу аясында баяндама жасады. Ол билік өкілдері өңірлердің проблемалары туралы жедел және нақты ақпарат алатын байланыс арнасы -өңірлік телевизиясының маңыздылығын атап өтті. «First Media Group» өңірлік телекомпаниялар тобының бас директоры Б. Әлібеков өңірлік телевизиялық және радио хабар таратуды дамытудың өзекті мәселелері туралы әңгімеледі.
Өңірлік БАҚ дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылай келе, кездесудің барлық қатысушылары Меморандумға қол қойды, оның негізгі идеясы жастарды рухани адамгершілікке және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кездесудің соңында қатысушылар өңірлерге Министрлік тарапынан назар аударғанына ризашылығын білдіріп жұмыстың өнімді әдістемелерін пайдаланғаны үшін Асқар Жұмағалиевке алғыс білдірді. Өз кезегінде Министр осындай мәжілістер дәстүрге айналатынына сенім білдірді.