20:35, 12 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Байланыс және ақпарат министрі БАҚ-тарды үрей туғызбай, шынайы фактілерді келтіруге шақырды
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Берік Бекмырзаев/ - Сіздерге зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын естеріңізге саламын және сіздерді халық арасында үрей туғызбауға шақырамын және сондай-ақ, шынайы ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар», - деп мәлімдеді бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.
Министр баспасөз мәслихатын бүгін Таразда болған оқиғаларға және осыған орай өршіген сыбыстарға байланысты жинады.
«Құқық қорғау органдары сіздерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді, мен сіздерден сыбыстарды емес, осы ақпараттарды пайдалануды сұраймын», - деп атап көрсетті А.Жұмағалиев.
Бұдан басқа министр, жалған ақпарат көздері халық пен үкіметке ғана емес, журналистердің өздерінің беделіне де нұқсан келтіреді, деп қосты.