ҚР Байланыс және ақпарат министрі елдің мемлекеттік органдары басшыларының ресми блог-тұғырнамасында өз жазбасын қалдырды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мемлекеттік органдары басшыларының ресми блог-тұғырнамасында Байланыс операторларының кеңесі туралы өз жазбасын қалдырды Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Байланыс және ақпарат министрі елдің мемлекеттік органдары басшыларының  ресми блог-тұғырнамасында өз жазбасын қалдырды

«Қатысушылардың көңіл күйі мені қуантты. Барлық компаниялардың басшылары көрсеткіштерін жақсартуға дайын. Бірақ, бұл жағдайда да, министрлік әрекетсіздік танытпайды. Біз жай бақылаушы емес, белсенді көмекші рөлін таңдаймыз. Өткен кездесу - бұған нақты дәлел», - деп жазады министр А.Жұмағалиев.

Байланыс операторларының кеңесі - бұл ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оған телекоммуникация қызметін ұсынатын барлық компанияның басшылары кіреді, деп түсіндірді ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің басшысы.

Толық ақпаратты http://blogs.e.gov.kz/blogs/Zhumagaliev_a сайтынан таба аласыздар.