ҚР Байланыс және ақпарат министрі Қазақстанның ТҰҚ мүшелерімен отандық теледидардың проблемаларын талқылады

Кездесу барысында қатысушылар отандық теледидардың проблемаларын талқылады. Министр баса назар аударған мәселе, мемлекеттік тілге қатысты заңдылыққа байланысты болды. Оның айтуынша, өзі басқаратын ведомствоның жүргізген мониторингі электрондық БАҚ-тың негізгі бөлігі ол нормаларды сақтамайтыны белгілі болып отыр. Алдағы күндері, деді А.Жұмағалиев, барлық таратушыларға ҚР заңдылығының талаптарын өрескел бұзғандығы жөнінде тиісті ұсынымммен хабардар етіледі. Өз кезегінде «Қазақстан ТҰҚ» президенті Нұржан Мұхмеджанова бұл бағыттағы мәселенің әлі күнге дейін көкейкестілігін жоғалтпай келе жатқанын, және бұл бағытта қауымдастықтың жұмыс атқаратынын атап өтті.
Таратушылардың ұсыныстарын мұқият тыңдаған байланыс және ақпарат министрлігінің басшысы телеарналардың азаматтық жауапкершілігі туралы да сыр шертті. «Сіздер қоғамдық сананы қалыптастырасыздар, сондықтан біздің қоғамның моральдық-этикалық ұстанымдарын бұзбауларыңыз керек», - деп түсіндірді А.Жұмағалиев. - Сіздер таратып отырған хабарлар арқылы біздің ұрпағымыз өсіп келеді».
Кездесу соңында А.Жұмағалиев байланыс операторлары кеңесі мен БАҚ өкілдерінің редакторларымен болатын секілді, осындай кездесулерді ай сайын өткізу туралы ұсыныс айтып, барлық қатысушыларды келе жатқан Баспа, телевидидар және радио күнімен шын жүректен құттықтай келе, шығармашылық табыстар тіледі.