ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде «электрондық үкіметті» жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің көшпелі отырысы өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен қыркүйектің 21-і күні «электрондық үкіметті» жүзеге асырылу мәселелері жөніндегі Үкіметтің көшпелі отырысы болады,
None
None

деп хабарлайды Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында ҚР Үкіметінің мүшелеріне электрондық үкіметтің жаңартылған порталы таныстырылып, «е-лицензиялау» порталы жұмысының, төлем шлюзінің мақсаттары көрсетіледі, сонымен қатар қызмет көрсету орталығы, гермоаймағы мен сall-орталық бойынша таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар