ҚР байланыс және ақпарат министрлігіне «Министрліктің әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы» талап-шағым бойынша сот отырысына талапкер келген жоқ
Осыған байланысты ҚР байланыс және ақпарат министрлігі бүгінгі күні ресми түрде Алматы қаласы Медеу аудандық сотынан Раушан Нұрқанқызы Есіркепованың азаматтық ісі бойынша Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігіне «Министрліктің әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы» талап-шағымы бойынша 1 талап-шағым түскенін хабарлайды. Алайда талапкер 2010 жылғы мамырдың 20-сында талап еткен жерге белгіленген бұл талап-шағым бойынша сот отырысына келген жоқ.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексінің 169-бабына сәйкес министрлік мұндай шағымдарды сот органынан талапкердің талаптары негізделген құжаттары жалғанған талап-шағымы көшірмесін немесе шақыру қағазын алғаннан кейін ғана қарауға қабылдайды.
Бүгінгі таңда сот органдарынан министрлікке басқа талап-шағымдар түскен жоқ.