ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Танысбай Ләззат Мұратқызын ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі лауазымына тағайындады. Бұл туралы Премьер-Министр өзінің Twitter-дегі парақшасына жазды.

ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Л.Танысбай 1973 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген. «Хабар» агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жаңалықтар қызметінің жүргізуші редакторы, атқарушы продюсері, ҚР Президенті Әкімшілігі баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.