ҚР БҒМ: Қазақстандықтар оқулықтардың сапасын арнайы портал арқылы бағалағандары жөн

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды арнайы портал арқылы оқулық сапасын бағалауға белсенді түрде қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ: Қазақстандықтар оқулықтардың сапасын арнайы портал арқылы бағалағандары жөн

«Оқулық сапасын қоғамдық бағалау» порталы қалың жұртшылыққа жаңа оқулықтар жөнінде ескертулер мен ұсыныстар білдіру мүмкіндігін береді. Әзірге порталға мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 9-сынып оқулықтары ғана енгізілді», - делінген хабарламада.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, портал оқулықтардың мазмұны мен сапасын жақсартуға, педагогтар мен ата-аналардың пікірі мен ұсыныстарын назарға алуды қарастырады.

«Портал барлық ниет білдірушілерге қазақстандық оқулықтарды жетілдіру процесінің белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді. РҒПО сайтында орналасқан www.okulyk-edu.kz мекен-жайындағы «Оқулық сапасын қоғамдық бағалау» баннеріне өту арқылы оқулықтарды қарауға болады», - делінген хабарламада.