ҚР БҒМ Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекітті

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі бекітілді.

ҚР БҒМ Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекітті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 20 сәуірдегі №152, Астана қаласы

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі бекітілсін.

2. Мынадай:

1) «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 тіркелген және «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қантардағы № 12 (1238) санында жарияланған));

2) «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 404 бұйрығының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6406 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 4 ақпандағы № 36 (26439) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6976 болып енгізілді.

Бұйрықтың толық мәтіні ресми БАҚ беттерінде жарияланды.