ҚР БҒМ-ның сейсмикалық стансалары кезекті жер сілкінісін тіркеді
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансылар желісі 04 сағат 16 минут 22 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Қырғызстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым қашықтықта орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.7, MPV мигнитудасы - 4.8, тереңдігі - 5 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.