«ҚР Білім туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жалпы отырыста қаралатын болды

Жиын барысында құжаттың мақсат-міндеттеріне байланысты баяндама жасаған білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбековтың айтуынша, талқыға ұсынылып отырған құжат талаптары бойынша еліміздің «Білім туралы» заңына айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. «Заңға енгізілетін өзгерістер негізінен өткен жылдың желтоқсанында қабылданған 2011-2020 жылдарды қамтитын білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасымен байланысты болып отыр. Бұл стратегиялық, білім беру жүйесі үшін аса маңызды болып табылатын құжат 2010 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бектілген. Аталмыш құжаттың негізгі стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін бізде тиісті нормативті база болған жоқ. Бүгін талқылауға ұсынылып отырған құжатқа енгізілген өзгерістер негізінен осы мәселелерді, яғни мемлекеттік бағдарламаның тиісті нормативті және заңнамалық актімен қамтамасыз ету мәселесін қамтиды»,-деді министрдің орынбасары.
Құжатты жан-жақты талқылап оны 22 қыркүйекте өтетін Сенаттың жалпы отырысында қарау қажет деген шешім қабылдады.