ҚР Білім және ғылым экс-вице-министріне қатысты сот 23 шілдеге белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым экс-вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты сот 23 шілдеге белгіленді.

ҚР Білім және ғылым экс-вице-министріне қатысты сот 23 шілдеге белгіленді

«Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР Білім және ғылым министрілігінің бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовтің ісін қарастыруды 23 шілдеге белгіледі. Осы іс бойынша судья Рамазанова Әсем Қасымбайқызы»,-деді бүгін ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап беру кезінде осы сотта кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Дархан Ахашов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Өскемен қаласында 700 адамға арналған оқу орнын салу барысында 1,5 млрд. теңге қолды болған еді. Осыған байланысты қаржы полициясы бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұған ҚР БҒМ-ның бұрынғы вице-министрінің қатысы бар деген күдікпен С.Шаяхметов ұсталып, үйқамаққа алынды.