ҚР Білім және ғылым министрі Астанада физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Интеллектуалдық мектептері» педагогикалық ұжымымен кездесті
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Астанада физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Интеллектуалдық мектептері» педагогикалық ұжымымен кездесті,
деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр жұмыс шарттары және мұғалімдер тұрмысымен, атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жалақы мөлшерімен танысты. Ол сабақ өтетін сыныптар, зертханалар, би сыныптарымен танысты. Еліміздің бас ұстазы сондай-ақ алғашқы әскери дайындық сабақтарына да қатысты. Содан соң мектеп асханасының жұмысынан, тамақтану блогының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайынан хабардар болды.
«Интеллектуалды ұлт-2020» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыра отырып біз, «Назарбаев Интеллектуалдық мектептеріндегі» білім сапасына ерекше назар бөлеміз. Себебі, бұл мектептерде республиканың ең дарынды оқушылары білім алады емес пе? Сондықтан қазақстандық қоғам болашағын сіздермен байланыстырады. Алдағы жылдары еліміз бйынша физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы осындай тағы 20 мектеп ашылатын болады», - деді ведомство жетекшісі.
Айта кетейік, қазіргі таңда Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен қалаларында физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы осындай 6 мектеп жұмыс істеуде.