ҚР Білім және ғылым министрі мұгалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

  АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі  Бақытжан Жұмағұлов Астанадағы Конгресс-Холл сарайындағы салтанатты шарада еліміздің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
None
None

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқандай, қазақ қай заманда болмасын ұстазды ерекше құрметтеген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше мән беріп,үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Бұл - мемлекеттің даму саясатында сапалы білім мен білікті ұстаздың орны айрықша екенін білдіреді.

Қазір сауаттылық деңгейі жағынан еліміз 177 елдің ішінде 14-шіорында.Ал білімді дамыту индексі бойынша 129елдің ішінде алғашқы  төрт елдің қатарындамыз», - деді министр ұстаздарға алғысын білдіріп.

«Мектептің жүрегі - сіздерсіздер, қадірлі ұстаздар! Сондықтан министрлік педагог мәртебесін көтеруді ең басты міндеттердің бірі деп санайды. Құрметті ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар