12:00, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техниканың дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымдарға 225 мемлекеттік стипендия бөледі
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техниканың дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымдарға 225 мемлекеттік стипендия бөледі.

Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техниканың дамуына елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға және дарынды жас ғалымдарға 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау үшін байқау жариялады.
Ғалымдар мен мамандарға берілетін стипендиялардың саны - 75, дарынды жастарға - 150.
Байқауға материалдар, хабарландыру басылым беттерінде шыққан күннен бастап 30 күн бойы, авторлар мен олардың сенімді тұлғаларынан қабылданады.
Конкурстардың шарттары туралы 8 (7172) 74-24-62, 74-24-71 телефондары арқылы білуге болады.