16:45, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде әлеуметтік серіктестік жөніндегі салалық келісім жасалды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР білім және ғылым министрлігі жүйесінде 2011-2012 арналған әлеуметтік серіктестік жөніндегі салалық келісім жасалды.
Келісімге ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева қол қойды.
Келісім міндеттері 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы тараптардың серіктестігін айқындайтын бағыттар, еңбек қатынастарындағы сала қызметін тұрақтандыру, еңбек қауіпсіздігі мен жалақы мәселелеріне қатысты белгіленген.