ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілді
АСТАНА. Наурыздың 28-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсанның 23-інде № 1207 Қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚаулысыҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қоса беріліп отырған ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілсін.2. Осы қаулы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялауға жатады.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.Қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.