ҚР Бірінші вице-премьері Бакуде Әзербайжанның Премьер-Министрімен кездесті

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде Әзербайжанға жасаған іссапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Әзербайжанның Премьер-Министрі Артур Расизадемен кездесті.

ҚР Бірінші вице-премьері  Бакуде Әзербайжанның  Премьер-Министрімен кездесті

Кездесуде тараптар Әзербайжаннан Қазақстанға және керісінше жүк тасымалдау мәселелерін және жалпы екі елдің транзиттік әлеуетін талқылады.