ҚР бірқатар аймақтарында бұршақ жауады деп күтілуде - 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Күндіз Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с-қа жел соғады.
Қостанай, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, түнде тұман түседі.
Алматы облысында кей жерлерде қатты ыстық болады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы күтілуде. Қазақстанның басқа сулы нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.