20:01, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
ҚР бірқатар өңірлерінде ескерту жарияланды
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР бірқатар өңірлерінде ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Павлодар, Қарағанды облыстарында 15 наурызда жауын-шашын, кей жерлерде нөсерлі жаңбыр жауады деп күтілуде, көктайғақ орнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде 15 наурызда Ақмола облысында жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде көктайғақ орнайды, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ты құрайды.
Күндіз 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде нөсерлі жаңбырдың жаууы ықтимал, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күтіліп отырған нөсерлі жаңбырға байланысты синоптиктер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны орын алуы ықтимал екенін болжауда.