07:35, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
ҚР Бокс федерациясы кубогінің жеңімпазы анықталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Бокс федерациясы кубогінің финалына шыққан құрамалар кездеседі, Финалда Ақмола облысының құрамасымен Жамбыл облысының боксшылары жұдырықтасады, деп хабарлады sportnews.kz.
Еске сала кетейік, жартылай финалдық бәскесінің алғашқы жұбында Ақмола облысы мен Маңғыстау облысының боксшылары жұдырықтасып, 6:5 есебімен Ақмола облысы жеңіске жеткен. Екінші жұпта Жамбыл облысы - Алматы облысы боксшылары жұдырықтасып, жамбылдық боксшылар 6:5 есебімен жеңіске жетіп, финалға шыққан болатын.