ҚР-да 2014 жылы импорт үлесі төмендейді - Статистика агенттігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда валюта айырбастау бағамын түзету салдарынан импорт үлесі төмендейді, деп хабарлады бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов ОКҚ брифингінде. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

ҚР-да 2014 жылы импорт үлесі төмендейді - Статистика агенттігі

«Біздің есебіміз бойынша ішкі нарықтағы импорттың үлесі өткен жылдың қорытындысы бойынша 37% құрайды. Ал бұл үлес биылғы бағам өзгеруіне орай төмендейтін болады», - деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен және Ұлттық банкпен қолданатын шаралары инфляция деңгейін 6-8% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

«Тұрақтандырма қорларының жұмысын жандандыру бойынша тапсырмалар жергілікті атқарушы органдарға берілді. Сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының бағаларын бақылау күшейтілді. Бұдан өзге, экономикалық саясат бойынша Кеңес өткен жылдар деңгейінде 1,2 пайыздық пункт шегінде ТКШ реттелмелі қызметтердің салымы бойынша шекті бекітті», - деп басып айтты ол.