ҚР-да азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 21 мамыр , Астана, Үкімет Үйі №650
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін.
2. «Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы № 381 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 161-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы республикалық БАҚ-та жарияланған.