ҚР-да балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттері бекітілді
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы №67 Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 16 қаңтар №67 Астана, Үкімет Үйі
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы»
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған квоталарын бекітілген лимиттер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттері республикалық БАҚ-та жарияланды.