ҚР-да бір бала мен екі жас жігіт суға батып кетті

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда ұл бала мен екі жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды республика ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.  

ҚР-да бір бала мен екі жас жігіт суға батып кетті

Жексенбі, 19 тамыз күні Ақтөбе облысында карьер суына шомылу кезінде 12 жасар ер бала суға батып кетті. Оның денесін жағаға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-нің Қарғалы аудандық ТЖБ-нің қызметкерлері алып шықты.

Атырау облысындағы Жем өзенінде жексенбі күні 19 жасар жас жігіт батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметіндегі 3 адам мен 1 техника бірлігінің көмегімен шығарылды.

Сол күні Семейдегі Ертіс өзенінде 18 жастағы ер жігіт суға батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің судан құтқару қызметіндегі 2 адам мен 1 техника бірлігінің күшімен шығарылды.

Жексенбі, 19 тамыз күні сенбіде Ақмола облысының Бірсуат су қоймасында батып кеткен балықшының мүрдесі табылды. Оны жағаға ҚР ТЖМ «Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ-нің қызметкерлері алып шықты.