ҚР-да инфрақұрылымды дамыту жоспары ҮИИД кезекті бесжылдығымен тұспа-тұс келіп отыр - ОҚО әкімі

Оңтүстікқазақстандықтар Президент Жолдауында белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға барлық күш-жігерін жұмсайды деп сенімін білдірді Асқар Мырзахметов. Көптеген міәндеттер қазірдің өзінде шешіліп жатыр.
«Жол құрылысына үлкен көңіл бөлінуде, Президент оны маңызды өмірлік артериялар, деп атады. Біздің облыс арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының 448 шақырымы өтеді. Шымкент-Ташкент жолын салу басталды. Сарыағаш қаласы арқылы ұзындығы 75 шақырымдық айналмалы жол құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме жасауға қаражаттар көзделген», - деді ОҚО әкімі.
Әкім белсенді жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдікпен 500 млрд. теңге бөлуді теңдесі жоқ қадам деп атады, бір ғана ОҚО-да ғана 123 мың адам бизнестің осы саласына қатысып отыр.
«Біздің облыс алғашқылардың бірі болып индстриялық аймақ құрды. Қазір бұл алаңда 33 жоба жүзеге асырылуда, ал бұл 2,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жыл аяғына дейін тағы 9 кәсіпорын іске қосылады. Индустриялық аймақтар бізде барлық қалалар мен аудандарда ашылатынын атап өткен жөн», - деді Асқар Мырзахметов.
Облыс әкімі Оңтүстік Қазақстанда үлкен туристік әлеует бар екенін атап өтті. Таяужағы жылдарда өңірде тау шаңғысыц курорты, сарыағашта, Шардара су қоймасының жағасында демалыс айсмағы пайда болады. Президент инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отыр, деді А.Мырзахметов. - Бүгінде ОҚО-да апатты мектепптер үшін 32 ғимарат салуда, келесі жылы тағы 10 жаңа менктеп спалынады. Твағы 6 нысан ға жобалық құжаттама жасалуда. Сөйтіп, апатты мектептер проблемасчы облыста екі жылдың ішінде шешілмек.