ҚР-да мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілді
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - ҚР-да Мұнай және газ министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігінің бірлескен бұйрығымен мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілді, деп хабарлады ресми БАҚ.
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ 149-272
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
2011 жылғы 25 тамыз №149 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
2011 жылғы 31 тамыз №272 Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Қиыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
С. МЫҢБАЕВ.
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы
Д. ШӘЖЕНОВА.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы №272 бірлескен бұйрығымен бекітілді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 12 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7177 болып енгізілді.