ҚР-да Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері бекітілді
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - ҚР-да Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері бекітілді, деп хабарлады ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылдың 12 қаңтарынан №29 бұйрық
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері республикалық БАҚ-да жарияланды.