ҚР-да Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілді
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 және «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан
босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылдың 11 қаңтарынан, №25 бұйрық
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 және «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
5-тармақтың екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының болуы;».
2) «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы №56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 444-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
7-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының болуы;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.