ҚР делегациясы БҰҰ ҚК-нің бітімгершілік отырысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров бастаған делегация БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бітімгершілік мәселелеріне арналған отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Нидерланды Премьер-Министрі Марка Рутте мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш төрағалық етіп, 72 елдің делегаттары қатысты.

Шарада Т. Мұхтаров БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік операциялары жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруамен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасының БҰҰ-мен әскери саладағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның бітімгершілік әлеуетінің артып келе жатқанын тілге тиек етіп, салада үлкен тәжірибе жинақтаған өзге елдермен ынтымақтастық жасау тетіктерін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар