ҚР Денсаулық сақтау министрі маусымдық тұмауға қарсы егуді қыркүйектің 15-інен кейін бастауға кеңес берді

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Жақсылық Досқалиев маусымдық тұмауға қарсы егуді қыркүйектің 15-інен кейін жүргізуге кеңес берді. Бұл туралы ол бүгін, 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы иммундаудың ұлттық күнінің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі маусымдық тұмауға қарсы егуді қыркүйектің 15-інен кейін бастауға кеңес берді

«Мен маусымдық тұмауға қарсы жыл сайын егілемін және екі аптаның ішінде иммунитет қалыптасуы үшін егу, қыркүйектің 15-інен бастап жүргізілуі тиістігін айтамын. Тұмау жылдан жылға өз генотипін өзгертіп келеді. Баршаңызды егілуге шақырамын», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, егілуден кейін адамда тұмауға қарсы иммунитет 6 айға дейін қалыптасады.