ҚР Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев ҰОС-ның ардагерлерін Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады.
None
None

Бүгін Денсаулық сақтау министрі өзінің ведомствосында Жеңіс күніне орай Астанада өтетін мерекелік шараларға қатысу үшін Жамбыл облысынан келген ардагерлердің бір тобымен кездесті. Олар барша қазақстандықтардың атынан жүрек жарды тілектерін білдірді.

«Бүгін біз Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында кездесіп отырмыз. Соғыс басталғанда «бұл күннің атар таңы бар ма, жоқ па?», деп мұңая ойланғандар да болған шығар. Бірақ сіздердің қайтпас қайсарлықтарыңыз бен қажымас рухтарыңыздың арқасында ол күнге қол жеткізілді. Сіздердің бұл Жеңістеріңіз үшін, бүгінгі біздің бақытты өміріміз үшін, бүгінгі ұрпақ қана емес, алдағы талай ұрпақ иіліп алғыстарын айтулары тиіс», - деді Ж.Досқалиев ардагерлерге қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде ардагерлер қауымының атынан Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлеуғабыл Төребеков сөз алып, өздеріне көрсетіліп жатқан жан-жақты ілтипатқа алғысын жеткізді.

Қариялардың барлығына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар