ҚР денсаулық сақтау министрлігі: 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның дәрілік заттар нарығында отандық дәрі өндірушілер үлесі 50% дейін жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның дәрілік заттар нарығында отандық дәрі өндірушілер үлесі 50% дейін жетеді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінен.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі: 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның дәрілік заттар нарығында отандық дәрі өндірушілер үлесі  50% дейін жетеді

«Отандық өндірушілердің өнім көлемі ағымдағы жылдың басында шамамен 40 пайызды құрады. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу болжанған", - деп атап өтті ведомствода.

Оның ақпаратынша, 2013 жылы отандық өнімнің дәрілік препараттарының көлемі 2012 жылғы көрсеткіштен 13%-ға артқан.