ҚР денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік тапсырыс аясында 16 үкіметтік емес ұйыммен жұмыс істеп отыр

АСТАНА: 21 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнде, әлеуметтік тапсырыс аясында ҚР денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттен әлеуметтік тапсырыс алған 16 үкіметтік емес ұйыммен жұмыс істеуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Әлеуметтік жобалар адамдардың өмір жасын ұзарту, салауатты өмір салтын ұстану және қант диабеті бар адамдардың өмір сапасын жақсартумен қатар медициналық алдын алу шараларын өрістетуге бағытталған.

Сонымен қатар, бірқатар жобалар медициналық қызмет сапасын арттыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді дайындау, медицина қызметкерлерінің беделін арттыру сияқты мәселелерге арналған, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар