13:01, 22 Қаңтар 2011 | GMT +5
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары Алматыда республикалық кәсіби медициналық қауымдастықтар өкілдерімен кездеседі
АЛМАТЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат- Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары Алматыда республикалық кәсіби медициналық қауымдастықтар өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында мемлекет пен қоғамдық бірлестіктер арасындағы серіктестік байланыстарды сындарлы дамыту және нығайту, сонымен қатар бәсекелестік ортаға мемлекетке тән емес функцияларды беру жолымен кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік кедергілерді алу бойынша кеңейтілген бір топ мәселе талқыланады деп күтілуде.